

2024-2025 оқу жылына жоспарланған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қараша айы бойынша «StartUp» атты «Шығармашылыққа бір қадам» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында тартымды байқау өткізілді. Сайыс бастауыш буын оқушыларының шығармашылық ізденісі мен батылдығын, сахна этикасы мен эстетикалық талғамының сыңға түскен сәті болды. Сайысқа қатысушылардың жан-жақты өнерлері бағаланып, арнаулы дәрежелі орындармен марапатталды.


2024-2025 оқу жылына жоспарланған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында наурыз айы бойынша мектептің эстетика бірлестігінің ұйымдастыруымен мектеп аумағында ұлттық нақыштағы киіз үй кейіпіндегі көрме жасақталды. «Ұлттық мәдениет, ұлттық құндылық» атты көрме мақсаты наурыз айындағы салт-дәстүрді дәріптеуге негізделген тәрбие сағаттарында оқушыларға таным көкжиегін кеңейту, көрсету мен таныстыру мақсатында қолданылып, бастауыш сыныптар үшін толық қолданыста болды.

2024-2025 оқу жылына жоспарланған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында наурыз айы бойынша бастауыш сыныптары арасында біртекті «Алғыс-ізгі ниет» атты танымдық сағат өтті. Танымдық сағатта оқушыларға «Алғыс айту» күні туралы ақпараттар беріліп, шығу тарихы мен маңыздылығы түсіндірілді.


2024-2025 оқу жылына жоспарланған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қыркүйек айы күнтізбесін ең алғашқы шымылдығы «Мектеп – мейірім мекені!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жаңа бастамаларды түсіндіріп өтті.

2024-2025 оқу жылына жоспарланған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қыркүйек айы күнтізбесі бойынша сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен «Абайлап жүр балаққай!» атты апталық іс-шаралар өткізілді. Маман ретінде Ақтөбе қаласы ПБ ППБ-ның аға қызмет инспекторы полиция капитаны Қалиоллаев Батырбек Маратұлы мен Таношев Қанат Рахатұлымен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізді. Сонымен қатар апта бойы оқушылардың жас ерекшілігіне қарай сынып сағаттары өткізіліп,жол ережесі мен белгілері қатаң ескертілді.

2024-2025 оқу жылына жоспарланған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қазан айы күнтізбесі бойынша А.Сүйеубаеваның ұйымдастыруымен «Жол қауіпсіздігі» атты маманмен кездесу өткізілді. Маман ретінде Ақтөбе қаласы ПБ ППБ-ның аға қызмет инспекторы полиция капитаны Қалиоллаев Батырбек Маратұлы мен Таношев Қанат Рахатұлымен ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізді.


2024-2025 оқу жылына жоспарланған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мамыр айы күнтізбесінен Ш. Мұстафинаның ұйымдастыруымен «Біз әртүрліміз, біз теңбіз» атты 2 «Б» сыныбында тәрбие сағаты өткізілді.


2024-2025 оқу жылына жоспарланған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында наурыз айы бойынша А.Қоңыратбаеваның ұйымдастыруымен «Анаға қарап қыз өсер» атты 7 сынып оқушылары арасында тартымды сайыс өтті. Сайыс орта буын оқушыларының шығармашылық ізденісі мен батылдығын, сахна этикасы мен эстетикалық талғамының сыңға түскен сәті болды. Сайысқа қатысушылардың жан-жақты өнерлері бағаланып, арнаулы дәрежелі орындармен марапатталды.


2024-2025 оқу жылына жоспарланған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында наурыз айы бойынша «Жер сағаты» экологиялық акциясы өткізілді. Акцияға 4 сынып оқушылары толық тартылып, сақталуы керек қауіпсіздік ережесімен таныстырылды. Оқушылар акция өту барысында тазалық құндылықтарын игеріп, топтық жұмыстарды сәтті аяқтады. Бұл акция мақсаты оқушы бойында табиғатқа деген қамқорлық пен махаббатын ояту. Оқушылардың табиғат пен қоршаған орта арасындағы байланысын күшейте білу.


2024-2025 оқу жылына жоспарланған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қазан айы бойынша 25 қазан – Республика күнін негізге ала отырып, «Қазақстан –туған елім, ұлы өлкем» тақырыбында жаппай мектепішілік тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары бастауыш сыныптан бастап орта буын мен жоғары сынып оқушыларына дейін жеткізіліп, әлеуметтік желіде көрініс тапты. Көрсетіліп отырған тәрбие сағаты 3 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі А.Кальменованың үйлесімді ақпараттық-танымдық сабағы. Мақсаты: оқушылар бойында отаншылдық пен патриоттық сезімнің нығайуы мен республика туралы білім көкжиегін кеңейту.


2024-2025 оқу жылына жоспарланған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қазан айы бойынша 1 қазан –Халықаралық қарттар мейрамын негізге ала отырып, А.Кальменованың ұйымдастыруымен «Қарты бар үй қазынасы бар» атты мектепішілік өнегелі сұхбат өткізілді. Сұхбат үлгісі еркін кездесу мен сырласуға негізделіп, мектепке Заречный-3 аумағындағы қарттарымызды, әжелерімізді қонаққа шақырылды. Кездесу үшін 3 сынып оқушыларымыз таңдалып, арнайы кітапханада дәстүрін дәріптеуі мен өнегелі әңгімесі жарасқан қарттарымыз бен оқушыларымыздың кездесуі сәтті өтті.


2024-2025 оқу жылына жоспарланған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қыркүйек айы бойынша оқушыларға эстетикалық талғам мен шығармашылық қабілетін шыңдау және ата-ана мен оқушы арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайту мақсатында А.Қоңыратбаеваның ұйымдастыруымен «Күз кереметі» атты оқушылар мен ата-аналар арасында бірлескен шығармашылық сайыс өткізілді. Сайыс қатысушылары ретінде 2 және 3 сынып оқушылары таңдалды. Басты назарға қолдан жасалған шығармашылық дизайн үлгілерін ұсыну арқылы бағаланып, дәрежелі орындармен марапатталды.