«Білім беру кеңістігінің мүмкіндіктерін пайдалана отырып,
кемел тұлға қалыптастыру (жаңа форматты оқушы мен мұғалім)»

Білім беру беру аясында сапалы білімге  негізделген дағды мен құзірет беру компоненттері және  
тәрбие беру жұмыстарын күшейту.

Оқытудың жаңа құрылымы, мазмұны, әдістері ортақ міндеттерге, атап айтқанда:
- Құндылықтарға;
- Қорытынды нәтижелерге;
- Білім саласынан күтілетін нәтижелерге бағыттау.
- Тұтас білім беру үдерісін іске асыру үшін тәрбие мен оқыту жүйесін біріктіру.
- Ақпаратты компьютерлік технологияларды оқу үдерісінде қолдану;
- Жоғарғы сыныптарда бейіндік оқыту қамтамасыз ету.
Бұл даму бағдарламасы іске асыру нәтижесінде мектептің білім беру жүйесі мына ерекшеліктерге ие болуын талап етеді:
  • оқушыларға МЖМБС-ке сай сапалы білім береді;
  • оқуды технологияландыру талаптарына сай;
  • кәсіпқойлығы жоғары шығармашыл педагогикалық ұжым;
  • педагогтер қазіргі оқу технологияларын тәжірибеде қолданады;
  • мектептің табысты қызметімен қатар мектепті басқарудың мемлекеттік-қоғамдық механизмдерін қолдану арқылы оның дамуын қамтамасыз ететін тиімді басқару жүйесі;
  • заманауи материалдық-техникалық база және оның жоспарын іске асыруға қажетті ресурс мөлшеріне ие кеңістікті-пәндік орта;
  • түлектер жоғары және орта кәсіптік білім беру жүйесінде бәсекеге қабілетті;
  • түлектердің азаматтық мәдениеті, құқықтық тәрбиесі мен қауіпсіздік мәдениеті қалыптасқан;
  • түлектердің патриоттық санасы, Отанына деген сүйіспеншілігі қалыптасқан, халқының рухани мұрасын – халықтың дәстүрлі мәдениетін меңгерген;
  • білім алушылардың балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары қызметіне қатысу мүмкіндігі мен қолжетімділігін арттыру, бұл әлеуметтік және мәдениетаралық қатынасқа деген жас ерекшелігі сұраныстарын қамтамасыз етеді;
  • балалар мен жасөспірімдердің жағымды өмірлік ұстанымы мен құнды бағдарын қалыптастыру;
  • қоғамға жат қылықтың алдын алуға, экстремизмнің, оқушылар арасындағы девиантты қылықтың алдын алуға бағытталған қызмет түрлерін дамыту;
  • адамның құқығына, еркіндігі мен міндетіне деген құрметті тәрбиелейтін мектеп;
  • отбасылық құндылықтарды насихаттау;
  • коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру;
  • оқушылардың денсаулығына залал келтірмейді, мұнда олар өзін қауіпсіз сезінеді және сыртқы ортаның кері әсерінен қорғалған;
  • қосымша білім беру жүйесімен ауқымды әріптестік байланысқа ие;
  • тұтынушылардың сұранысына ие және олар оның қызметіне риза, бұл білім беру қызметіндегі оның көшбасшылығын қамтамасыз етеді.
Білікті педагогтің мына моделі мынадай болуы тиіс:
  • жалпы, коммуникативтік мәдениеттің жоғары деңгейінің, диалог режимінде жүзеге асырылатын күрделі қатынасты ұйымдастыру тәжірибесі мен түсінігінің болуы;
  • пән саласындағы теория мен практиканың жетістіктерін меңгеруге қабілеттілік: пәндік білімді өзектілік, жеткіліктілік, ғылымилық тұрғысынан талдау мен синтездеу;
  • бірегей педагогикалық идеяларды генерациялауға мүмкіндік беретін жеке креативтік қасиеттерді қалыптастыру мен дамытуға және инновациялық педагогикалық нәтижені алуға ұмтылыс;
  • рефлексивтік мәдениеттің болуы, өзін-өзі рефлексиялауға және педагогикалық процестің өзге субъектілерімен сұраныстың қалыптасуы, рефлексивтік мәдениеттің болуы;
  • әдіснамалық мәдениеттің, педагогикалық процесті модельдеу мен жеке қызметтің нәтижесін болжаудың тұжырымдамалық машықтары мен дағдыларының болуы;
  • педагогикалық процестің өзге субъектілерімен бірге әлеуметтік тәжірибені меңгеруге дайындық;
  • ақпараттық ағынды арттыру жағдайында ақпаратты алу, іріктеу, сақтау, жаңғырту, өңдеу және түсіндіру;
  • көшбасшы педагог тұлғасын дамытудың жетекші идеяларының бірі ретінде кәсіби бәсекелестік ұғымын қабылдау;
  • кең мағынада педагогикалық менеджмент мәдениетінің болуы, яғни құндылықты таңдау жағдайында өзіндік анықтауға ұмтылыс және педагогикалық процестің соңғы нәтижесі үшін жауаптылықты қабылдау, бұл бәсекелестік жағдайында кәсіби жетістікті айқындайды;
  • жүйелі педагогикалық ойлау туралы теоретикалық түсініктің қалыптасуы, жалпы және жеке педагогикалық қызметті жүйелі зерттеу тәжірибесінің болуы;
  • педагогтің жоғары кәсіби құндылықтары ретінде педагогикалық қызмет әдісін түсіну.
Мектеп түлегінің перспективалық моделі Ұлттық білім беру идеалының – адамгершілігі жоғары, шығармашылық, Отанның тағдырын өз тағдыры ретінде қабылдайтын, елінің бүгіні мен болашағы үшін жауаптылықты түсінетін, халықтың рухани және мәдени салт-дәстүрін түсінетін және оның қазіргі әлемде өзін іс жүзінде танытуына бағдарланған Қазақстанның білікті азаматы. Сондықтан қалыптасқан тұлғалық қасиеттер мен түлектің біліктіліктері мектеп қызметінің нәтижесіне жатады.
Түлек мына қасиеттерге ие болуы тиіс:
  • қазіргі әлемде өзін жақсы жағынан танытуға ұмтылыс;
  • мектептегі оқу пәндері бойынша мықты білім;
  • өз бетімен білім алуға қабілеттілік;
  • өзін жалпы адамзаттық құндылықтарды тасымалдаушы ретінде қабылдау, мәдениет кеңістігінде шығармашылыққа, қызмет пен ойлау диалогына, сондай-ақ өмірлік ұстанымды жобалау мен іске асыруға қабілетті болу;
  • кез келген сәтте Отанын қорғауға дайын болу, мықты рухани және адамгершілік қағидаттарды меңгеру, ҚР Конституциясын білу, мемлекеттің қоғамдық-саяси жетістіктерін білу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, өз елінің патриоты болу;
  • саламатты өмір салтын жүргізу, саламатты өмір салтына деген сұранысты, өз денсаулығына жауапты көзқарасты қалыптастыруға ықпал ету;
  • нарық пен ақпараттық технологиялар жағдайында өмір сүру машығы, компьютер техникасы мен шетел тілін білу, қазіргі әлемде өмір сүруге дайындық, әлемнің ғылыми түсінігіне бағдарлану;
  • коммуникативтік мәдениеттің болуы, өзін танытуға, қоғамдық және жеке өмірде жетістікке жетуге ықпал ететін іскерлік қатынас, тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын меңгеру;
  • мектеп түлегінің білімділіктің жоғары деңгейіне жетуге дайындығы;
  • өз тілегі мен мүмкіндігін түсіну арқылы кәсіпті меңгеруге қабілеттілікті қалыптастыру.
Мектептің даму бағдарламасының негізгі бағыттарын іске асыру, түлек тұлғасының қасиеттерін қалыптастыруға жағдай жасау мақсатында білім беру кеңістігін жаңғырту бүкіл педагогикалық ұжымды инновациялық жұмысқа тартуды, жекелеген бағыттар мен жобаларды басқаруға қатысуды талап етеді.
Қазіргі педагог кәсіби базалық білімнің іргетасын жаңаша ойлаумен және нақты білім беру мәселелерін шешудің практикалық-бағдарланған, зерттеушілік тәсілімен үйлестіре білуі тиіс.
Мектептің тәрбие жұмысының жүйесі білім алушылардың азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық санасын, руханилығы мен мәдениетін, бастамасын, толеранттылығын, қоғамда сәтті әлеуметтенуге қабілеті мен еңбек нарығына белсенді бейімделуіне бағытталған тұрғыдан дамиды. Тәрбиелеу міндеттерін шешуде отбасы басты рөлді атқарады.
Мектеп түлегі қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына бейімделе алатын бәсекеге қабілетті адам ретінде көрсетіледі. Бұл қиын жағдайдан шығу жолын өз бетімен табуға, шығармашылық ізденушілік қызметті жүзеге асыруға қабілетті, жан-жақты интеллект пен мәдениеті жоғары тұлға.
Қазіргі түлек бейімділіктерді, қалыптасқан қызығушылықтар мен жеке мүмкіндіктерді ескере отырып, білімнің жекелеген саласының кәсіби және білім беру бағдарламасын саналы түрде таңдау мен меңгеруге дайын.
Түлек туралы түсінік білім беру процесін құру кезінде
  • оқудан өз бетімен білім алуға;
  • тәрбиелеуден өзіндік тәрбиеге;
  • дамудан өзіндік дамуға өтуді жүзеге асыру қажеттілігін анықтайды.
Image
Атауы

"№61 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ

Ашылған уақыты
01.09.2016
Жобалық қуаты
600 орындық
Жалпы мектеп аумағы
10782,4 м2
Құрылыс аумағы
34296 м2
Оқушы саны
1125 оқушы
Кабинеттер

Мектепте акт залы, спорт залы, музыка залы, медициналық кабинет, психолог кабинеті, асхана, логопед кабинеті, 25 оқу кабинеттері, 2 информатика кабинеті, 6 мультимедиалық-лингафон кабинеті, 2 шеберхана, 1 физика, 2 химия, 1 биология, 1 қазақ тілі, 1 тарих кабинеттері, балалардың киім ілетін бөлмелері, күзет бөлмесі бар. Мектепте баланың оқуына және жеке тұлғаның шығармашылық дамуына мүмкіндіктер жасалған.

Жалпы мәлімет
Мектеп  аптасына 5 күндік тәртіппен жұмыс жасайды. Мектеп ауласы тас төсеуіштермен төселіп асфальтталған.
Ғимаратта балалар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін, өрт қауіпсіздік қондырғылары автоматты желіде орналасқан. Оқу мен тәрбие беретін білім ошағы қазіргі заман талабына сай жасақталған. Мектеп ғимараты заманауи жиһаздармен жабдықталған. №61жалпы білім беретін орта мектеп – балалардың оқуы мен демалуына, мәдени және спорттық білім алуына сай жоспарланған 3 қабатты. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеделсаты, арқалықтары бар пандустармен жабдықталған.  Бүгінгі таңда 1188 оқушы білім алуда және 102 педагог жұмыс жасайды. Табысты мектептің көрсеткіштеріне жету жолында  мектеп педагогикалық ұжымы оқу мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын пайдалана отырып, түрлі нәтижелі жұмыстар атқаруда. Ашылғанына 6 жыл болғанына қарамастан облыс және қала көлемінде түрлі іс-шаралар, конкурстарда, олимпиада, ғылыми сайыстарда  алдыңғы қатарлы орындарды иеленіп жүр. Соның дәлелі 2017-2018, 2018-2019, 2019-2020 оқу жылдарында облыстық олимпиададан  командалық есеппен 2 орынды және 2021-2022 оқу жылында 1 орынды тізгіндедік. Мектепте үйірме, секция жұмыстары ұйымдастырылады. 7 секция, 11 үйірме бар. Баскетбол секциясына-106 оқушы, футбол секциясына-120 оқушы, гир-64 оқушы, тоғызқұмалақ-92 оқушы, волейбол-135 оқушы, жеңіл атлетика-74 оқушы, үстел теннисі-32  оқушы, барлығы-623 оқушы қамтылған.  Секциялық жұмыстар сенбі күні өтеді. Үйірмелер: «Ұлттық дизайн» (34 оқушы), «Тұмар» театр үйірмесі (30 оқушы), «Жебе» дебат клубы (45 оқушы), «Шебер қолдар» (50 оқушы), «Зерде» (46 оқушы), «Жас қаламгер» (38 оқушы), «Табиғат жанашырлары» (47 оқушы), «Happy English» (40 оқушы), «Робот техникасы» (50 оқушы), «Жас химиктер» (50 оқушы), «Жас экологтар» (50 оқушы).
Image
Редактировать Страницу